423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО шенеуніктері Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінді

  • 252
БҚО шенеуніктері Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінді

Батысқазақстандық шенеуніктер жарылыстан кейінгі Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде ақша жымқыру фактісі бойынша «БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып жымқырған», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы