420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

  • 205
  • UPD: 09:19, 11.08.2020
COVID-19: 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 171 адам емделіп жатыр.

Олардың арасында 108 бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. Ал 20 458 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі telegram парақшасында хабарлады.

«Жалпы науқастардың арасында 454 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 104 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы