423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда екі провизорлық орталық жабылды

  • 132
  • UPD: 08:43, 12.08.2020
Талдықорғанда екі провизорлық орталық жабылды

Талдықорғандағы емдеу мекемелерінің екеуі провизорлық орталық ретінде жұмысын тоқтатты, хабарлайды «Хабар 24».

Енді қаладағы тері-венерологиялық диспансері мен әскери госпиталь өкпе қабынуы мен короновирус жұқтырғандарды қабылдамайды. Бұрынғы жұмысын жалғастырып, қалыпты жағдайда өзге науқастарға қызмет көрсетеді. Сырқаттанғандардың азаюына байланысты медициналық нысандар ғана емес, жатын орындар да саны қысқартылды. Инфекциялық бөлімде орын 30 төсекке азайды. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай жақсара түссе, тубдиспансерді де жабу жоспарланып отыр.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Облыста провизорлық төсектер 20%-ке қысқарды. Себебі науқастардың азаюы салдарынан. Бүгінгі таңда провизорлық госпитальда 1114 науқас жатыр, инфекциялық стационарда 147 науқас бар. Қазіргі таңда дәрі дәрмек қоймасында екі айлық қорымыз жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы