429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жоғалып кеткен апалы-сіңлілі қыздар табылды

  • 235
  • UPD: 12:02, 12.08.2020
Павлодар облысында жоғалып кеткен апалы-сіңлілі қыздар табылды

Павлодар облысының Ақсу ауылы маңында жоғалып кеткен апалы-сіңлілі қыздар табылды, хабарлайды «Хабар 24».

Олардың хабарсыз кеткені туралы ақпарат полицияға кеше кешке келіп түскен. Бірден жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі қыз тәулік өтпей аман-есен табылып, туған-туыстарына табыс етелді. Олардың бірі үшінші сыныпта, екіншісі алтыншы сыныпта оқиды. Іздеу шараларына мектеп мұғалімдері мен волонтерлер қосылды. Айта кетейік, Ақсу ауылдық аймағындағы ГРЭС ауылы Ертіс өзеніне жақын орналасқандықтан, орманды жерлерді шолуға тура келген. Қыздар түнгі уақытта табылды. Олардың қайда болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Іздеу жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, апалы-сіңлілі қыздарды іздеуге 16 белсенді тартылды.

Хабар 24 телеарнасы