420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды көшелерін топан су басты

  • 212
  • UPD: 20:49, 12.08.2020
Қарағанды көшелерін топан су басты

Қарағандыда жауын толассыз жауып, қала көшелерін су басты. Асфальттың беті көлкіп, тұрғындардың аяқ алып жүруі мұңға айналды.

Ал орталықтағы жерасты өткелінің сатысы сарқырамаға айналған. Шатыры жоқ кейбір үйлердің төбесінен су өтіп, тұрғындарды әбігерге салды. 

БЛИЦ:

- Жолдар расымен де жаман ғой. Бізде Пришахтинскіде бұзып тастады. Ешкім жөндеген жоқ. Сол бетінше жатыр.

- Ағыс арықтары жоқ, жол дұрыс емес, шұңқырларға су толады. Қаланың ортасы болмаса шет жақтарда адам жүретін жер жоқ. Содан соң осылай жүреміз. Мен жеке секторда тұрамын. Міне аяғым шылқып кетті.

Хабар 24 телеарнасы