426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жаңа мектептің құрылысы басталды

  • 309
  • UPD: 17:45, 13.08.2020
Қызылордада жаңа мектептің құрылысы басталды

Қызылорда қаласында жаңа мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды «Хабар».

600 балаға арналған білім беру ошағы Бәйтерек ауданында бой көтереді. Нысанның құрылысына 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Мектеп 2020-2021 жылдарға арналған  Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында салынды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.

Айта кетейік, Бәйтерек шағын ауданында алдағы 3 жылда мектеп жасындағы оқушы саны 1500-ге жетуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы