424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Макинск қаласында жылу қазандығы салынып жатыр

  • 183
  • UPD: 18:13, 13.08.2020
Макинск қаласында жылу қазандығы салынып жатыр

Ақмола облысының Макинск қаласында жаңа жылу қазандығы салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны тұрғызуға облыстық бюджеттен 250 млн теңге қаржы бөлінген. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тамыздың соңында толық аяқталады, дейді жергілікті билік өкілдері. Ал нысан 100 мың шаршы метр аумақты жылумен қамтамасыз ете алады. Яғни, шаһардың орталығындағы бұрын пеш жағып келген 50-ге жуық көпқабатты және жер үйлер, сондай-ақ, жаңадан салынып жатқан 4 тұрғын-үй мен 10 шақты әкімшілік ғимарат орталық жылу желісіне қосылмақ. Бұдан бөлек, қазір қаладағы басқа да жылу қазандықтарына және құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бақыт Темірболатов, Бұланды ауданы әкімінің орынбасары:
– Құрылыс материалдары мен қондырғылардың 75 проценті отандық өнім. Макинск қаласының тұрғындары бұл жобаның жүзеге асуын асыға күтіп отыр. Қазір мұнда қазандықтар орнатылып жатыр. Бұл жұмыстар 20 тамызға дейін бітсе, әрі қарай оларды іске қосуға дайындаймыз.

Хабар 24 телеарнасы