424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда коронавирустан соңғы науқас жазылып шықты

  • 270
  • UPD: 23:40, 17.08.2020
Нұр-Сұлтанда коронавирустан соңғы науқас жазылып шықты astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда COVID-19-дан емделген соңғы науқас жаңа туған нәрестесімен емханадан шығарылды.

Босанған әйел жұқпалы аурулар ауруханасына тамыздың басында КВИ және орта ауырлық дәрежесіндегі пневмониямен түсті. Тыныс жетіспеушілігіне байланысты оған шұғыл операция жасалды. Бала сау болып дүниеге келді. Сауығуына байланысты ана мен бала ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

17 тамызда №1 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік бөлімшесі КВИ-ден соңғы науқастың емделіп шығуына байланысты жұқпалы аурулар ауруханасы ретінде қызметін тоқтатып, штаттық режимде жұмыс істеуге дайындалуда.

Әйелдің туыстары аурухананың барлық қызметкерлеріне, дәрігерлерге алғыс білдірді. «Дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында балаларымыз аман-сау үйге оралуда», – дейді олар.

№1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімшесі 17 маусымда жұқпалы аурулар ауруханасы болып қайта құрылып, коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерге көмек көрсетті. Мұнда барлығы 779 науқас емделді, олардың ішінде 378-і ауыр және орташа пневмониямен түскен. Барлық жұмыс кезеңінде инфекциялық акушерлік бөлімде 351 нәресте дүниеге келді.

Хабар 24 телеарнасы