431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 300 орындық провизорлық стационар жабылды

  • 157
  • UPD: 09:52, 18.08.2020
Атырауда 300 орындық провизорлық стационар жабылды

Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал қалыпқа түсіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнайлы өңірдегі қауіпті індеттен жазылып шыққандардың саны артты. Жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндер де саябырсыған. Провизорлық стационарлардағы орын саны азайтылып, тіпті кейбірі жабылып жатыр. Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріндегі провизорлық стационарда барлығы 308 адам емделіпті. Соңғы науқас 12 тамыз күні жазылып шыққан. 15 тамызда ондағы 100 орындық провизорлық стационар жұмысын толықтай тоқтатқан. Ақпан айынан бері қалтқысыз еңбек еткен ақ халаттылар демалысқа жіберіліпті.

Серік Әбішев, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының міндетін атқарушы:

- Маусым-шілде айларында науқастар 95-100-ге дейін жетті. Шілде айының аяғынан бастап вирустың жұқпалы түрі жайлап азая бастады. Қазір барлық дезинфекциясын жасап, мында жұмыс жасаған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін демалысқа жіберіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы