420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарыағаштағы ауруханалар мен емханалар қалыпты жұмысына көшті

  • 251
  • UPD: 21:11, 19.08.2020

«Сарыағаш» курорттық қалашығында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, індет жұқтырғандар саны едәуір азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған сәйкес ауруханалар мен емханалар қалыпты жұмысына көшкен. Алды жоспарлы операцияларын жасай бастады. Бірақ аймақта жағдай жақсарғанымен, дәрігерлер әлі де арқаны кеңге салуға болмайтынын ескертеді.

Сарығаштағы шипажайларға жыл сайын 120 мыңнан аса адам келіп емделетін. Пандемияға байланысты биыл бұл көрсеткіш 2 есеге азайған. Соған сәйкес қазір демалыс орындары жартылай бос тұр. Дегенмен, туристер легі тоқтаған емес.

Жандос Қапалов, шипажай жетекшісі:

- Өткен айдың сегізінде аштық. Халық келіп жатыр. Бізде лимит бар, таңертең адамдарды шақырып, емдейміз. Барлығы уақытымен. Адамдарды топырлатпаймыз. Түскі уақытта арақашықтықты сақтайды.

Сарыағаштағы шипажайларға санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Өйткені ауданда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді.

Мұхит Отаршиев, Сарыағаш ауданының әкімі:

- Қазір жағдай тұрақтанды. Бүгінгі күні инфекцияның тіркелуі күрт азайды. Қазір ауруханаларда дәрі-дәрмек ИВЛ толық жеткілікті. 15 ИВЛ апараты бар.

Өкпе қабынуына шалдыққандар санының азаюынан аудандағы орталық аурухана қалыпты жұмыс жағдайына көшті. Бір айдан бері тоқтатылған жоспарлы операциялар да жасала бастады.

Бауыржан Оспанов, Сарыағаш аудандық ауруханасы  бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бойынша барлық бөлімшелер ашылған. Жоспарлы науқастарды қабылдау тамыздың бірінде басталды. Барлық терапиялық бейімдегі, неврология, инсульт жоспарлы хирургииялық операциялар толыққанды ашылған. Ауруханалар толыққанды ашылған. Қазір пневмониямен емделіп жатқандар жоқ десе болады. Аз ғана оқшаулаған инфекциялық бөлімде оқшауланған. Олардың барлығы тұрақты. Жазылуға дайын.

Дәрігерлер «эпидемиологиялық жағдай жақсарғанымен, босаңсуға әлі болмайды», деп отыр. Өйткені індеттің екінші толқыны болуы мүмкін. Сондықтан емдеу мекемелері қажет қорғаныс құралдарымен және қондырғыларымен жабдықталып дайындықты күшейткен.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Катерина Попкова, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы