424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлге туристердің келуі небәрі 30 процентті құрады

  • 184
  • UPD: 08:44, 20.08.2020
Алакөлге туристердің келуі небәрі 30 процентті құрады

Биыл Шығыс Қазақстанға келген туристер саны жылдағыдан 70 процентке аз. Бұл тек Алакөл жағалауына қатысты дерек. Жылда 1 миллионға дейін адам тынығып қайтатын еді.

Әлемді дүрліктірген коронавирус туристердің жоспарын бұзды. Жалпы осы жылы өлкеде демалыс базаларына қойылған талаптар да қатаң болды. Нысандар сыйымдылығына қарай демалушылар санын 50 проценттен асырмады. Сондай-ақ келген отбасы мүшелері мен әр топтан ПТР тест анықтамасы талап етілді.

Марат Қабақов, облыстық туризм және сыртқы байланыстар  басқармасының  басшысы:

- Алматы жақтан немесе астана жақтан аз келді, биыл Алакөлге бізге көп пайызын енді Алакөл құрап отыр ғой, басқа қалалардан аз келді. Олар өздерінде, өз қаласында демалуға тырысты. Мысалы, Алматы жақты алатын болсақ, оларға ешқандай шектеулер қойылмады, соның арқасында оларда кісі көп болды. Көбі анықтамаларды алмау үшін сол жаққа барып демалып жатты, біздің енді басты  прицнп дегеніміз ол  бір адамның денсаулығы барлық туристік бизнестен жоғары тұрады. Сондықтан осындай шектеулер қойылды.

Хабар 24 телеарнасы