420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Із-түзсіз жоғалған жасөспірім пойыздан табылды

  • 156
  • UPD: 17:11, 20.08.2020
Із-түзсіз жоғалған жасөспірім пойыздан табылды

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған жасөспірімді пойыз ішінде ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы облысының полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы пойыздан тапты. Оның Нұр-Сұлтан қаласына билет сатып алып, таныстарына барып келгені белгілі болды.

– Полицияға жоғалған жасөспірімнің әкесі арызданған. Ол ұлына тән белгілерді айтып берді. Жасөспірімді іздеу жұмыстарына біз полицияның барлық күші мен жасақтарын жұмылдырдық. Жедел іздестіру шарасы барысында жасөспірімнің интернет арқылы Нұр-Сұлтан қаласына билет сатып алып, сол жаққа кетіп қалғаны анықталды. Жедел уәкілдер ол келе жатқан пойызды анықтап, оны сол жерде ұстады. Із-түссіз жоғалған кәмелеттік жасқа толмаған студент ата-анасына аман-есен табысталды, – деді Қарасай аудандық ПБ бастығы Болат Тотыбаев.

Хабар 24 телеарнасы