420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жағалаулардағы тазалық бақылауға алынды

  • 166
  • UPD: 09:11, 21.08.2020
Шымкентте жағалаулардағы тазалық бақылауға алынды

Шымкентте демалыстан соң жағалауды ластап кететіндер көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тазалықты тексерушілер Бадам су қоймасының маңы қоқысқа толып, ластанып кеткенін айтады. Бұл жердің бір бөлігін жергілікті кәсіпкер жалға алған. Оған тиесілі аумақта тазалық сақталмапты. Салдарынан жағалау қоқыс алаңына айналған. Енді санитарлық талаптарды орындамағаны үшін ол жауапкершілікке тартылады.

Данабай Әлиев, қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Іс-шара барысында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 505-бабына сәйкес күл-қоқыс тастағаны үшін 5 азаматқа әкімшілік хаттама толтырдық. Бұдан бөлек, осы Бадам су қоймасында заңсыз балық аулағаны үшін бір азамат ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы