423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы іKOMEK арқылы қадағаланады

  • 143
  • UPD: 12:29, 21.08.2020
Елордада әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы іKOMEK арқылы қадағаланады

Адам көп жиналатын орындарда бақылау камералары интеграцияланды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

iKOMEK жағдаяттық мониторинг орталығындағы бейнебақылау операторлары тәулік бойы елордадағы қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалайды. Бейнебақылау камералары саябақтар, скверлер, мешіттер, автобус аялдамалары, вокзалдар және т.б. сияқты адам көп жиналатын орындарды қамтиды.

Сонымен қатар iKOMEK мониторинг орталығына елордадағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бақылау камералары интеграцияланды.

«Мәліметтер елорда тұрғындарымен және қонақтарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жедел түрде нысандардың басшылықтарына жіберіледі, бұл жұмысты коронавирус инфекциямының таралуына жол бермеу мақсатында жүргіземіз», - деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова. 

Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK жағдаяттық орталығы 13 000-нан астам камераның көмегімен тәулік бойы бақылау жүргізуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы