421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда коронавирустан жазылғандарды оңалту орталығы ашылды

  • 140
  • UPD: 00:19, 22.08.2020

Таразда коронавируспен ауырып, одан емделіп шыққандарды оңалтуға арналған алғашқы орталық ашылды. Емдеу мекемесі 120 орынға шақталған. Қазір ондағымамандар алғашқы емделушілерді қабылдап, қызметтеріне кірісіп кетті.

Аға медбике Сұлушаш Романқұлова коронавируспен ауырған науқастарды емдеймін деп жүріп, өзіне жұқтырып алған. Оның өкпесі қабынып, 30 процент зақымданыпты. Ол дерттен айыққанымен бұлшық еттері әлсіреп, әлі де ентігеді.

Сұлушаш Романқұлова, қала тұрғыны:

- Емделіп шыққаннан кейін бұлшық еттеріміздің барлығы әлсіреп, өкпеміздің ентігуі әлі толығымен басылмағанына байланысты. Әртүрлі физиолечение қабылдап жатырмыз. Оның ішінде электростимулятор аппаратынан 10 күн ем алып, қабылдап шыққанан кейін жұмысымызға кірісеміз деген ойдамын.

- Екінші кезеңнің алдында бірінші кезеңмен ауырған кісілерді біз емдеуіміз керек. Оңалтуымыз керек. Олардың мына денсаулығын соған дайындауымыз керек. Иммунитет көтеруіміз керек!

Орталық толықтай заманауи медициналық қондырғылармен  жарақтандырылған. Айына 300-ге жуық адамға тәулік бойы ем көрсетуге мүмкіндік бар. Ал науқастарға Литва мемлекетінде біліктілігін арттырып келген мамандар қызмет көрсетеді. 

Динара Кәрібаева, оңалту орталығының бас дәрігері:

- Қосымша аурулары бар. Ауыр түрімен ауырған науқастар сол жаңағы Ковидпен. Премущественно сол кісілерді біз алуға тырысамыз. Өздерінің жергілікті ауруханаларына барса, сол жерден направление беріп, бізге жібереді. Сол направление арқылы келеді бізге.  

Мұнда медициналық емнен бөлек оттегімен өкпені тазарту, желдету және емдік дене-шынықтыру тәсілдері арқылы оңалту да қарастырылған. Мұнда бірінші кезекте карантин кезінде алдыңғы шепте еңбек еткен медицина қызметкерлері, созылмалы ауруы бар науқастарға  көмек көрсетіледі.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы