424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда дайверлер Каспий түбінен үш тонна қоқыс шығарды

  • 189
  • UPD: 09:43, 23.08.2020

Ақтаулық әуесқой-сүңгуірлер суға батқандарды құтқарумен шұғылданады. Өңірлік суасты аңшылығы федерациясының мүшелері төтенше жағдайлар департаментіне осындай ұсыныспен шыққан. Көздеген мақсаты - суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету тәсілдерін кәсіби мамандардан үйрену. Дайверлердің бұған дейін ерікті түрде атқарып жүрген қызметі көп. Олар өткен аптада күні бойы Каспийге сүңгіп, жағалау түбінен үш тоннадай қоқыс шығарды. 

Ақтаулық әуесқой сүңгуірлер суға батқандарды құтқарумен шұғылданады. Өңірлік суасты аңшылығы федерациясының мүшелері төтенше жағдайлар департаментіне осындай ұсыныспен шыққан. Көздеген мақсаты - суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету тәсілдерін кәсіби мамандардан үйрену. Дайверлердің бұған дейін ерікті түрде атқарып жүрген қызметі көп. Олар өткен аптада күні бойы Каспийге сүңгіп, жағалау түбінен үш тоннадай қоқыс шығарды. 

Ақтаулық дайверлер 12 тамыз - Каспий күні қарсаңында ұзындығы бес шақырым жағалау түбін күл-қоқыстан тазартты. Қолына суасты аңшы құралының орнына полиэтилен қапшық ұстап, суға сүңгіді. Таңсәріден түске дейін үш тоннадай тұрмыстық қалдықтарды жағаға шығарды. Жағажай астын тазарту 4-ші және 15-ші шағын аудандар аралығын қамтыды. Жиналған қоқыс кешке арнайы полигонда өртелді.

Шәміл Темірханұлы, «Маңғыстау суасты аңшылығы федерациясы» қоғамдық ұйымының негізін қалаушы:

- Биыл рет бірінші рет өтіп тұрған шараға жиырмаға жуық әуесқой-сүңгуір қатысты. Күткеніміздей, теңіз түбінен жиналып алынған қоқыс аз болмады. Көлік дөңгелектері, пластик бұйымдар. Олар теңізді мекендеушілерге қатерлі екені түсінікті. Қалдықтар жағалаудан лақтырылуы немесе кемелерден де тасталуы мүмкін. Бұл шараны енді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз.

 «Маңғыстау суасты аңшылығы федерациясы» қоғамдық ұйымы биыл Ақтауда алғаш рет су астында нысана көздеуден сайыс өткізді. Алдымен теңіз суы құйылған бассейні бар спорт кешенін дайындап, сайыс ережелерін әлеуметтік желіге жариялады. Байқауға Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен аудандардан 25 әуесқой сүңгуір келіп қатысты.

Жаңабек Меңдіғалин, «Маңғыстау суасты аңшылығы федерациясы» қоғамдық ұйымының өкілі:

- Жарыс шарты бойынша әр сүңгуір аквалангсыз суға сүңгіп, үш метр қашықтықта тұрған нысанаға суасты аңшы құралынан үш рет жебе атты. Бұл ретте мергендігі мен шапшаңдығы назарға алынды. Жалпы суасты спортымен айналысу денсаулыққа өте пайдалы. Өзіңді физикалық формада ұстауға пайдасы көп. Алдағы уақытта осы шараны тек бассейнде емес ауа-райына қарап ашық теңізде өткізу де жоспарда бар.

Жалпыкомандалық есеп бойынша ақтаулық спортшылар топ жарды. Жеңімпаздарға суасты спортының құрал-жабдықтары сыйға берілді. Қызықты сайысқа қатысқан дайверлер бүгінде құтқарушы болуды армандап жүр. Оларды бұған баулитын кәсіби мамандармен қазір келіссөздер жүріп жатыр.

Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы