429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Жасыл ел» жастары дәретхана қағазын шығаруды қолға алды

  • 132
  • UPD: 09:05, 23.08.2020
Оралда «Жасыл ел» жастары дәретхана қағазын шығаруды қолға алды

Батыс қазақстандық «Жасыл ел» жастары жобаны іске асырмақ. Мәселен, қажетсіз қағаз қиындыларын қайта өңдеп, дәретхана қағазы мен майлықтар шығаруды қолға алды.

Бұл үшін инвестор да табылып, макулатураға арналған экожәшіктер сатып алынды. Енді таяу күндері мемлекеттік қызметшілердің бөлмелеріне қойылады. Алдағы уақытта мектептер мен балабақшаларда да орналастыру жоспарда бар.

Аслан Тапишев, «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі:

- Неліктен керек десек, ол тек мемлекеттен ақша күтпей, жалақы күтпей біздер өзіміздің штабымызды, жалпы өзіміздің экологиялық бағыттағы жобаларымызды осы жиналған қаражаттан өзіміз атқара аламыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы