420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық танкистер Мәскеу түбінде тәжірибелік атыс өткізді

  • 186
  • UPD: 12:45, 23.08.2020
Қазақстандық танкистер Мәскеу түбінде тәжірибелік атыс өткізді

Армия халықаралық ойындары «Танк биатлоны» конкурсына дайындық барысында қазақстандық әскерилер танкілердің қаруын тексеруден өткізді.

Тәжірибелік оқ ату арқылы зеңбіректер мен пулеметтердің жарамдылығы, сондай-ақ олардан нысанаға тиімді соққы беру мүмкіндігі тексерілді. Экипаждар атыс кезінде шебер және үйлесімді әрекеттерін көрсетті.

Сонымен қатар жарыс ережелеріне сәйкес, қазақстандық әскерилер сайыс барысында техникамен өтетін трасса бағдарын зерттеді. Оқ ату шекарасынан сәтті өту қорытынды орынды анықтайтындықтан оларға ерекше назар аударылатын болады.

Армия халықаралық ойындарының ашылу салтанаты 23 тамызда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы