429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: стационарларда 5673 науқас емделіп жатыр

  • 114
  • UPD: 09:26, 24.08.2020
COVID-19: стационарларда 5673 науқас емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 597 адам емделіп жатыр.

Олардың арасында 52 бала бар. Стационарларда 5673 науқас жатыр. Ал 4924 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жалпы науқастардың арасында 309 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 70 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы