420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 2500 бала КВИ жұқтырған

  • 121
  • UPD: 18:02, 24.08.2020
Қазақстанда 2500 бала КВИ жұқтырған

Балалар арасында індет өршуі мүмкін деген ақпарат жалған. Үлкендермен салыстырғанда балалар вирусты сирек жұқтырады. Сондай-ақ жеңіл түрде ауырады немесе оның ауруы симптомсыз болады. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

Дегенмен, бұрыннан созылмалы сырқаты бар балалаларда асқыну болады. Пандемия басталғалы елімізде 2,5 мың бала инфекция жұқтырған. Олардың 111-і жаңа туған нәресте. Вирус жұқтырған балалардың 80 процентінде ауру өте жеңіл өткен.

Абырой болғанда, балалар арасында өлім тіркелген жоқ. Тек 2,5 мың баланың он алтысында инфекциядан кейінгі асқыну, яғни Каваски синдромы анықталған. Олардың жартысы толық жазылып шыққан.

Жалпы қазіргі таңда 5673 адам стационарда ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 52 бала бар. 379 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 50 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Хабар 24 телеарнасы