426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырттағы аттракциондардың жұмысы қатаң бақылауда болады

  • 177
  • UPD: 19:45, 24.08.2020

Даладағы аттракциондардың жұмысы қатаң тексеріледі. Арнайы мониторингтық топ санитарлық талаптардың барынша орындалуын күнделікті қадағалап отырады. Демалушылар да тәртіпті сақтауға тиіс.

Кәсіпкерлер осы күнді асыға күтті. Даладағы аттракциондар жаз бойы жұмыс істеген жоқ. Жұмыс болмаған соң кәсіпкерлер табысынан да айырылды. Енді карантин талаптары жеңілдеп, көңіл көтеру орындары демалушыларды қабылдай бастады. Бұл үшін аттракцион иелері Инфо.кз сайтында онлайн тіркеуден өтті.

Айгүл Шағалтаева, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Бұл сайтта барлық санитарлық талаптардың тізімі бар. Кәсіпкерлер сол құжатпен танысады. Кейін онлайн түрде аттракциондарын іске қосу жөнінде өтініш жазады. Біз күнделікті тексерістерге шығып тұрамыз. Егер санитарлық талаптардың орындалмауын байқасақ, нысан жабылады. Ал иесіне айыппұл төлеуге тура келеді. 

Елордада ашылған нысандар қатарында шолу шеңбері де бар. Биылғы жаз елордалықтар мен қала қонақтары сонда отырып, шаһар келбетін тамашалай алмады. Аттракцион наурыздың 15-інен бастап жабылған болатын. Тек өткен аптадан бастап жұмыс істей бастады. Ал ғимарат ішіндегі океанариум мен бассейн әлі жабық. 

Жандос Көшкінбек, отбасылық демалыс орталығының әкімшісі:

- Кіреберісте тепловизорлар орнатылған. Қорғау құралдары бар. Социалдық қашықтық сызықтары бүкіл жерде сызылған. Және де кабинкаға кіреберістерде қонақтарымыз дизковриктерден аяқтарымен өтеді. Ішіне кіреді. Және де шыққан кезде тағы да өңделіп шығады. Барлық жұмысшыларымыз маска, перчатканы әр 2 сағат сайын ауыстырып отырамыз. Және де қауіпсіздік қызметкерлері бүкіл маска режимін қолдауын, социалды дистанцияны сақтауын өтініп сұраймыз. 

Бір кабинаға 2 адамнан отырғызылады. Тек отбасымен келгендерге ғана бірге кіруге рұқсат бар. Демалушылар аттракционнан түскеннен кейін барлық кабиналар дезинфекциядан өтеді.

Айта кетейік, бұрынғыдай шолу шеңбері түнгі 12-ге дейін жұмыс істемейді. Таңғы 10-да ашылып, кешкі 8-де жабылады. Әзірге мұнда келушілер көп емес. Демалыс күндері бірқатар шектеу енгзілетіндіктен сенбі-жексенбіде де адам көп болмайтын сыңайлы.

Авторлары: Дариға Ташенова, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы