420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда дала өрті басылмай тұр

  • 150
  • UPD: 16:30, 26.08.2020

Атыраудағы табиғи-мемлекеттік «Ақжайық» резерватының аумағы өртке оранды. Қала іргесіндегі Кеңөзек ауылдық округінен басталған Қызыл жалын «Ақжайық» резерватына тиесілі 5 гектар жерді шарпып үлгерген. Тілсіз жауды өшіру әзірге мүмкін болмай отыр. 

Асланбек Шығыр, тілші: 

- Осыдан 4 күн бұрын қала іргесіндегі Кеңөзек ауылдық округінің маңынан басталған өрт Ақжайық резерватының аумағына да жеткен. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қазір 10 гектар жердегі қамыс өртке ораныпты. Оның 5 гектар жері «Ақжайық» табиғи-мемлекеттік резерватының аумағы, ал қалғаны өрттің негізгі ошағы, яғни Кеңөзек ауылдық округінің жері.

Иә, бүгін өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен алысып жатқанына төртінші күн болды. Бұл аумақтың сулы әрі батпақты болуы салдарынан өрт сөндіру көліктері жақындай алмай әбіргерге түсіп отыр. Бірақ, жауаптылар бүгін тілсіз жауды толықтай өшіреміз дейді. Әзірге өрттің неден басталғаны белгісіз. Өрттің шығу себебі мен келген шығыны толық сөндірілгеннен кейін ғана анықталады.

Хабар 24 телеарнасы