426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Бизнеске арналған үкімет» сервисі іске қосылды

  • 421
  • UPD: 14:27, 27.08.2020
Елімізде «Бизнеске арналған үкімет» сервисі іске қосылды

Шағын және орта бизнес дамыған елдер экономикасының 50%-ін құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің елде де кәсіпкерлік саласын дамыту үшін Үкіметтен қолдау бар. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тың жобаны қолға алды. Бұдан былай шағын және орта бизнес өкілдері үшін «Бизнеске арналған үкімет» сервисі жұмыс істейді. Бұл жоба Қажым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды. Бірыңғай кеңседе бизнесті дамыту үшін барлық мүмкіндік қарастырылған әрі кәсіпкерлердің уақытын үнемдейді. Тіпті коммуналдық қызмет саласының өкілдері де осында орналасады. Мұнда 25 түрлі қызмет көрсетіледі. Оның 8-і мемлекет тарапынан берілетін рұқсат құжаттары. Банктер мен несие беру ұйымдары да осы жерде орналасады. Бүгінде кеңседе 25 мекеменің өкілі жұмысын бастап кетті. Алдағы уақытта сұраныс бойынша кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істейтін басқа да мекеменің өкілдері келуі мүмкін. 

Тимур Нақыпбеков, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Түркістан облыстық филиалының директоры:

- Кәсіпкерлер үшін жер қатынастары, архитектура – ең көп сұранысқа ие қызмет түрлері. Және де монополистер су, газ, энергия тарататын монополистер қыметінің өкілдері. Мәселен кәсіпкерлер өздерінің бизнес идеясымен келетін болса, осы жерде оған қажетті барлық жағдай жасалады. Тіпті қаржы институттары, яғни несие беру ұйымдары да осы жерде орналасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы