420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық дәрігерлер ауыл фельдшерлеріне онлайн семинар өткізді

  • 111
  • UPD: 13:04, 28.08.2020
Елордалық дәрігерлер ауыл фельдшерлеріне онлайн семинар өткізді

Елордада жоғарғы санатты дәрігерлер онлайн видеобайланыс арқылы ауылдық жерлердегі фельдшерлерге семинар өткізді. «Ауыл» партиясының мүшелері жас мамандарға вирустық инфекциялардың алдын алу бойынша кеңес айтты. Партия өкілдері жергілікті тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына да мониторинг жүргізген. Мамандар мұнда медициналық пунктердің тапшы екенін айтып отыр. 

Алтынай Елубаева, жоғары санатты невролог-эпилептолог дәрігер:

- Мынау острый респираторно-вирусный инфекция мен мынау КВИ-дің размері қандай? Ол кездескенде қандай көмек керек науқастарға? Соны айтамыз. Пандемия басылғаннан кейін бізде жоспар бар. Елдерге барып, дәрігерлер сол алыстағы ауруларды қарап соларға көмек жасауға.

Хабар 24 телеарнасы