424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түпқарағанда 80 отбасы баспаналы болды

  • 204
  • UPD: 21:45, 29.08.2020
Түпқарағанда 80 отбасы баспаналы болды

Жаңа пәтердің кілттері Ата Заңымыздың мерекесіне орай табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа үйлерге кіргендердің қатарында жетім балалар мен көп балалы отбасылар бар. Барлығы – 2007-2014 жылдар аралығында үй кезегіне тіркелгендер. Арендалық үйлер оларға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз беріліп отыр. 80 пәтерлік үш үй де аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Келер жылы тағы 70 пәтер пайдалануға беріледі.

Талғат Хасенов, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны:

– Кезекте 2007 жылдан бері тұрмын. Ата-анасынан айырылған санатқа жатамын. 13 жылдан бері кезекте тұрмыз. Міне, бүгін «Нұрлы жер» бағдарламасымен осы үйге, 3 бөлмелі пәтерге ие болып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы