429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда парашюті толық ашылмай қалған әскери қызметші көз жұмды

  • 326
  • UPD: 17:43, 02.09.2020
Ақтауда парашюті толық ашылмай қалған әскери қызметші көз жұмды

Ақтауда парашюті толық ашылмай қалғандықтан құлап жарақат алған әскери қызметші қайтыс болды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазды lada.kz.

Мұратжан Жамауов кеше, 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасында көз жұмған.

- Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, дегенмен кеше, 1 қыркүйекте науқас Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Оның отбасына көңіл айтамыз, - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтауда парашютпен секіру барысында бір әскери қызметшінің парашюті толық ашылмай қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы