426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұмауға қарсы екпені кімдер тегін алады?

  • 249
  • UPD: 17:45, 04.09.2020
Тұмауға қарсы екпені кімдер тегін алады?

Алматы дәрігерлері тұрғындарға тұмауға қарсы екпені алу керек деп кеңес беруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені күздегі тұмау коронавируспен қосарланып науқастың халын нашарлатып жібереді. Сондықтан құрғақ жөтел, мұрынның бітуі, дененің сырқырап ауруы сынды белгілері бар тұмау дұрыс емделмесе, бактериялық пневмонияға асқынып кетуі мүмкін. Оның алдын алу үшін елімізде жылда тұмауға қарсы екпе кейбір санаттағы азаматтарға  тегін салынады. 18 жасқа дейінгі созылмалы аурулары бар балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, мектеп интернаттары мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға, мүгедек жандар мен созылмалы аурулары бар азаматтарға және 60 жастан асқан тұрғындарға тегін салынады.

Майра Макеева, Алмалы ауданы «медициналық-санитарлық алғашқы көмек беру орталығы» педиатрия бөлімінің меңгерушісі:

– Тұмауға қарсы екпе 18 жасқа дейінгі созылмалы аурулары бар балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, мектеп интернаттары мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға, мүгедек жандар мен созылмалы аурулары бар азаматтарға және 60 жастан асқан  тұрғындарға тегін салынады.

Хабар 24 телеарнасы