429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әскери полиция офицері 200 шақырымды отыз бес сағатта жүгіріп өтті

  • 173
  • UPD: 21:57, 05.09.2020

Қарағанды гарнизонындағы әскери полиция бөлімінің офицері аға лейтенанты Заңғар Әлкенов «Қарағанды-Жаңаарқа» бағыты бойынша 200 шақырымдық ультрамарафонда үздік көрсеткішке жетті. Ол мәрені 35 сағат 11 минут 52 секундта бағындырып, ҚР Қарулы Күштері офицерлерінің арасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Офицер Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктінен бастады. 200 шақырымды 48 сағаттың ішінде еңсеруді жоспарлаған ол, марафонды белгіленген уақытынан бұрын аяқтады. Марафон барысы жүгірушінің бағыты мен уақытын онлайн режимінде қадағалауға болатын навигациялық платформаның көмегімен бақыланды.

Хабар 24 телеарнасы