424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тобыл өңірінде бірнеше лауазымды тұлға күдікке ілікті

  • 176
  • UPD: 13:43, 08.09.2020
Тобыл өңірінде бірнеше лауазымды тұлға күдікке ілікті

Атап айтсақ, Қостанай аудандық әкімдігінің қызметкерлеріне өз өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар серіктестік басшысын Заречный кентіне газ құбырын тарту жұмыстарына 10 миллион теңгеден астам ақша аударуға мәжбүрлеген. Қазір осы іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Рүстем Болатов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басқарма басшысы:

- Қостанай аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Аталған лауазымдық тұлғаларға қатысты кінәнің дәрежесін анықтау шешімі сотпен қабылданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы