420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 10 қыркүйектен бастап «Сергек» камералары іске қосылады

  • 133
  • UPD: 15:54, 08.09.2020

Бейнебақылау жүйесі бұған дейін пилоттық режимде жұмыс істеп келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді мұнайлы шаһардағы «ақылды» камералар жол ережесін сақтамағандарды қалт жібермейді.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Мұнайлы шаһарда 3 мыңға жуық «Сергек» камерасы орнатылған. Бұл «ақылды» камералар жол ережесін бұзғандарды анықтап қана қоймайды. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті де бақылауға алады.

Блиц 1:

- Қарапайым халыққа қиындау болады. Таксиде жүрген адамдарға. Жұмыста жоқпыз ғой. Жалпы  қиындау қазір. Болмағаны дұрыс қой. Болғаны да дұрыс, бірақ тәртіп болады.

Блиц 2:

- Еліміздің, халқымыздың қауіпсіздігіне жақсы. Дегенмен, қаланың ішіне көбінесе, қондырылып жатыр, ауылдық жерге де қондырылса жақсы болар еді.

Блиц 3:

- Оның зияны жоқ. Пайдасы – жол ережесін бұзбауға септігін тигізеді. Жүргізушілерге байланысты. Қылмыс болмауына пайдалары бар. Ал, зиянын көрмедім.

Блиц 4:

- «Сергектің» қондырылуы дұрыс болар деп ойлаймын. Жол ережесін, қауіпсіздікті сақтап жүруге жақсы. Жол ережесін сақтап жүрсе, ешкімге айыппұл толтырылмайды деп ойлаймын.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында «Сергек» камералары мектептер, саябақтар, вокзал мен әуежай, сондай-ақ ауруханаларда орнатылған.

Асланбек шығыр, тілші:

- Қырағы камералардың 774-і  қоғамдық қауіпсіздікті бақылайды. Ал, көше қиылыстарына  орналасқан 750 камера жылдамдықты асыру, тоқтау жолағы мен 15 метрге дейінгі үзіксіз сызықты кесу секілді ережебұзушылықты анықтайды. Тек жылдамдықты есептейтін 614 камера қаладағы үлкен, ұзын көшелерде орналасқан. Егер жүргізуші жол ережесін бұзған жағдайда айыппұл автоматты түрде жіберілмейді. Көлік жүргізушісі тағылған айыппен келіспесе, арнайы бекітілген полиция қызметкері істі қайта қарайды.

Айта кетейік, бұл камераларға ауа райы әсер етпейді.

Мырзалы Өтеғалиев, облыстық ПД ӘПБ басшысы:

- «Сергек» жүйесі жылдамдықты арттыруға байланысты жол қағидасын бұзушылықтарды анықтайды. Сонымен қатар «Сергек» жүйесі бағдаршамның қызыл түсіне өткен, сонымен қатар жол белгілерін бұзушылықтарды анықтайтын болады. Осы «Сергек» жүйесі арқылы осы жерге түсетін болады автоматты түрде.

Тәртіп сақшылары жол ережесін қатаң қадағалауға шақырады. Бірақ ережені бұзбаған жүргізуші үшін алаңдауға негіз жоқ. 

Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы