421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада түрлі салалар бойынша бос жұмыс орындары анықталды

  • 203
  • UPD: 15:45, 08.09.2020
Елордада түрлі салалар бойынша бос жұмыс орындары анықталды astana.gov.kz

Бүгінде елордада құрылыс, сауда және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға сұраныс бар, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

8 қыркүйекке дейінгі жағдай бойынша «Электрондық еңбек биржасы» порталында 700-ден астам жұмыс берушіден 6096 бос жұмыс орны тіркелген.

Құрылыс саласында жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие мамандықтар: инженер-сметашы, жұмыс өндіруші (прораб), шебер, әртүрлі жұмыс істеуші, тас қалаушы, арматурашы, бетоншы, учаске электрші, ӨТБ инженері.

Сауда саласы бойынша келесі кадрлардың тапшылығы байқалады: сатушы, кассир, менеджер, супервайзер, мерчендайзер, сауда өкілі, жанармай құюшы.

Денсаулық сақтау саласында дәрігер, медбике, санитар мамандықтары сұранысқа ие.

Жұмыспен қамту орталығының базасында жастарға арналған 1894 бос жұмыс орны, ал тұрғын үй берілетін 660 бос жұмыс орны бар.

Бұл жерде әсіресе құрылыс саласында жұмыс кестесі ыңғайлы 38 бос орын тіркелген.

Сондай-ақ елордалық Жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары аясында бос жұмыс орындарын ұсынады.

Бос жұмыс орындарының тізімі орталықтың www.cz.astana.kz. ресми сайтында жарияланған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша ең қажетті бос орындар келесі мамандықтар бойынша қолжетімді: жол жұмысшысы, жүк көлігінің жүргізушісі, монтажшы, көгалдандыру бойынша жұмысшы.

Жастарға арналған тәжірибе бойынша бос орындарды берілген сілтеме арқылы өтіп, анықтай аласыздар.

Қосымша ақпараттарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігіне қарасты Жұмыспен қамту орталығының ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады.  

Хабар 24 телеарнасы