420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда тұмауға қарсы вакцина салу басталды

  • 110
  • UPD: 22:52, 08.09.2020
Оралда тұмауға қарсы вакцина салу басталды

Батыс Қазақстан облысында тұрғындарға тұмауға қарсы екпе салу жұмыстары басталды. Аймақта жедел респираторлы вирустық инфекциямен және тұмау бойынша жағдай тұрақты.

Мамандар эпидемиологиялық маусым 2020 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың мамыр айына дейін созылатынын айтады. Жыл басынан бері өңірде 24 мыңнан аса адам осы дертке шалдыққан. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 17 мың 878 оқиға тіркелсе, осы кезеңде 204 адам тұмау жұқтырған. Қауіпті жұқпаның алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация. Сондықтан осы бағытта нақты жұмыстар жоспарланып отыр. 

Мұхамғали Арыспаев,  облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысы:

- Жалпы биыл да сол халықтың 10 пайызы егіледі. Қосымша осы 67 мың дозаға алынған вакцинаға тағы да қосымша 40 мың доза алынады. Сонда барлығы осы эпид маусым біздер 15 пайыз халықтың санын егуді жоспарлап отырмыз. Елімізде пандемия инфекциясы жүріп жаыр. Мұнымен қоса мынау тұмау ауруы қосылатын болса осы екі инфекцияның қосылмауын өршімеудің салдары болмасын деп ең бірінші мына тұмауға қарсы егу жұмыстарын бастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы