424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық басталды

  • 148
  • UPD: 08:36, 09.09.2020
Павлодар облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық басталды

Павлодар облысында бес мыңға жуық провизорлық және резервтік орын дайындалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық басталған. Қазан айында 1400, қарашада 2300, желтоқсан айында 1180 орынды іске қосу жоспарланып отыр. Жуырда бұл аймақта коронавирус инфекциясының ең жоғарғы көрсеткіші тіркелген болатын. 914 адам COVID-19-ға шалдыққан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Біржан Досмайыловтың айтуынша, қазір жағдай тұрақты. Қауіпті вирус 166 науқастан табылған. Оның 49-ы стационарлық емдеуде. Облыс орталығында 200 орындық модульді жұқпалы аурулар госпитальінің құрылысы басталды. Ал Ғалым Сұлтанов атындағы ауруханада оқшаулау бокстарымен 300 орындық бөлімше құрылады. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бәріне оттекпен қамтамасыз ететін жүйе орнатылады. Облыс бойынша олардың саны 226-дан 585-ке артпақ.

Біржан Досмайылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бізде өңір бойынша жеті оттегі станциясы орнатылады. Қазір қолданыста екі станция бар. Сонымен қатар 749 қосымша оттекті концентраторлармен қамтамасыз ету ісі жүріп жатыр. Бүгінгі таңда ол  арлық медициналық ұйымда бар. Пандемияға қарсы күреске жекеменшік медициналық құрылымдар да атсалыспақ. Олар 150 төсектік провизорлық стационар салуды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы