420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау гарнизонының инфрақұрылымы жетілдіріледі

  • 95
  • UPD: 22:47, 09.09.2020
Ақтау гарнизонының инфрақұрылымы жетілдіріледі

Маңғыстау облысында сүңгуірлер даярлайтын оқу-жаттығу орталығы мен әскери госпиталь салыну жоспарлануда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар әскери әуе айлақты қайта жөндеу жұмыстары қолға алынады. Ақтау гарнизонының инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың аймаққа жасаған сапары кезінде мәлім болды. Оқ-дәрілерді сақтау мәселесіне жіті көңіл бөлінеді. Ведомство басшысы оқ-дәрілер мен атыс қаруын сақтау бөліміне барып, қауіпсіздік талаптарының орындалу барысын тексерді. Модульді казарма мен әуе шабуылына қарсы қорғаныстың автоматтандырылған басқару жүйесінің жауынгерлік жұмысымен танысты. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін, жергілікті тұрғындарды қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету жайы да назарда болады. Нұрлан Ермекбаев Ақтау гарнизоны бөлімдерінің командирлерін тыңдап, бірқатар тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы