420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 243 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

  • 238
  • UPD: 14:13, 10.09.2020
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 243 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

2020 жылғы қаңтар-тамыз аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 193,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 49,6 млрд теңге бөлінді.

Тамыз айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,3 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 6,1 млрд теңге бағытталды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 533,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 156,6 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

1 қыркүйекте мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 45 651 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 38 850 теңгені құрады.

Хабар 24 телеарнасы