426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте пара алған мемлекеттік қызметкерлер сотталды

  • 234
Шымкентте пара алған мемлекеттік қызметкерлер сотталды

Шымкентте кәсіпкерлерден пара талап еткен 8 лауазымды тұлға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолы мен жолын былғағандардың ішінде мемлекеттік инспектор да бар. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының мемлекеттік санитарлық инспекторы жеке кәсіпкерден жүйелі түрде пара алып отырған. Ол үшін кәсіпкерге базар маңында заңсыз сауда жасауға рұқсат берген. Сондай-ақ әл-Фараби ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен мәдениет басқармасы басшысының орынбасарының да қолына кісен салынды. Олар да кәсіпкерлерді бопсалап келген. Биыл 20-ға жуық кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді.

Талғат Серікбаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Кәсіпкерлерге қиянат жасауға болмайды. Кез келген кәсіпкер, егер әкімшілік кедергіге, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда біздің департаментке шағымдана алады. Біз міндетті түрде шара қолданамыз.

Хабар 24 телеарнасы