420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Ашық бюджет» жобасы басталды

  • 109
  • UPD: 21:19, 11.09.2020
Елордада «Ашық бюджет» жобасы басталды

Мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мен қоғамдық бақылауды күшейту.

Жобаны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нидерланды корольдігінің елшілігі мен Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті бюджетті бекіту мәселесіне айрықша мән беріп, бөлінген қаражаттың көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейтінін атап өткен еді. Енді жоба арқылы бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтарды мемлекеттік басқаруға қатыстыру көзделіп отыр. Барлық өңірде жұмыс топтары құрылады. Қазір бюджет қаражатын бақылауды ұйымдастыру үшін 68 жауапты тұлға оқытылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы