420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды

  • 84
  • UPD: 11:24, 14.09.2020
Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды фото: inform.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл бұл науқан әдеттегіден екі апта бұрын басталды. Елімізде ресейлік вакцинаның 2,2 млн дозасы сатып алынған. Эпидемиялық маусымда 431 мыңнан аса қазақстандық жіті респираторлы вирустық инфекция жұқтырыпты. Оның 61%-і балалар. Алғашқылардың бірі болып екпе алған министр өнімнің барлық зертханалық сынақтан өткенін хабарлады. Маусымдық тұмауға қарсы екпе салу 15 қарашаға дейін жалғасады.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Алынған екі млн доза вакцинаны мемлекет халықтың белгілі бір тобына бағыттайды. Тағы бір миллиондайын ақылы негізде қызмет көрсететін кабинеттерге тарату үшін сатып аламыз. Биыл да азаматтарымыз мүмкіндікті барынша пайдаланады деп үміттенеміз. Мен де жылдағы дәстүр бойынша осы №6 емханаға келіп, тұмауға қарсы екпе салдырдым. Ресейлік «Гриппол+» вакцинасында Қазақстан аумағында өршитін вирустық штамдары қамтылған.

Хабар 24 телеарнасы