426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелден келген жолаушыларға ПТР-тест тапсыру міндеттеледі

  • 127
Шетелден келген жолаушыларға ПТР-тест тапсыру міндеттеледі

Алматыдан Өзбекстанға 17 қыркүйектен бастап ұшақ қатынай бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы еліміздің Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігері айтты. Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, қазір 170 жолаушы билет сатып алған. Олар – Қазақстан мен Ресейде жұмыс істейтін көрші мемлекеттердің азаматтары. Ал кері рейспен 180 адам ұшуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек тағы 70 жолаушы Алматыдан Қырғызстанға әуе көлігімен аттанбақ.

Енді Тәжікстанмен арадағы рейсті ашу көзделіп отыр.

Айта кетейік, ұшақтар Өзбекстан мен Қырғызстанға аптасына бір мәрте ұшады. Ал жолаушылар міндетті түрде коронавирусты анықтауға арналған тест тапсырып, құжатты көрсетуі тиіс.

Сәдуақас Байғабылов, ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Ұшып келген соң бортқа бірден эпидемиологтар көтеріледі. Олар сауалнама жүргізіп, қызуды өлшейді. Егер бортта қызуы көтерілген жолаушы отырса, карантинге алынады. Сондай-ақ олармен байланыста болғандар, яғни екі орын қашықта отырғандар бақылауға алынады.

Хабар 24 телеарнасы