421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғам белсенділеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі табысталды

  • 100
  • UPD: 13:22, 15.09.2020
Қоғам белсенділеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі табысталды

Қазіргі этносаяси жағдайды зерделеп, ұлтаралық келісімді нығайтуда халықаралық тәжірибенің алар орны зор, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Шетелдік елшілік өкілдерінің қатысуымен өткен жиында ұлтаралық татулықты нығайту үшін Қазақстанда атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтылды. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл этносаралық қатынасты дамыту жөнінде комитет және Президент жанынан Қоғамдық келісім ұйымы құрылған еді. Осылайша, консультативтік институттың мемлекеттік басқарудағы рөлі арта түсті. Бұдан бөлек, ұлтаралық татулықты насихаттауда елеулі үлес қосқан қоғам белсенділеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.

Шерзот Пулатов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

– Конференция нәтижесінде барлық ұсыныс жиналып, олар әдістемелік ретінде мемлекеттік органдарға және Ассамблеяның жұмысын әрі қарай жалғастыру үшін керекті құрал болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы