423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанмен шекарада героиннің ірі партиясы анықталды

  • 247
  • UPD: 09:36, 16.09.2020
Қырғызстанмен шекарада героиннің ірі партиясы анықталды

14 қыркүйекте ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жедел департаменті және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Қарасу» шекаралық бекетінде Қырғыз Республикасының азаматы басқарған автокөлікті ұстады.

Көліктің жүк салатын бөлігінен бал құйылған екі пластмасса ыдыс анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Шелектің түбінде жасырын орын жасалып, оған салынған жалпы салмағы 1872 грамм болатын ақшыл сары түсті заты бар 2 полиэтилен орама анықталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат героин болып шықты.

«Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Мұндай қылмысты жасағаны үшін жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы