426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауруханалар мен емханаларға COVID-19-бен күресу үшін жабдықтар жеткізілді

  • 291
  • UPD: 11:22, 18.09.2020
Ауруханалар мен емханаларға COVID-19-бен күресу үшін жабдықтар жеткізілді

Өңірлік емдеу мекемелері өкпені жасанды желдету аппараттары, оттегі концентраторлары, сондай-ақ пульсоксиметрлер сияқты аса қажетті медициналық аппараттармен жабдықталды.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің айтуынша, коронавирустық инфекция және пневмониямен ауыратын науқастарға жедел көмек көрсету үшін аталмыш жабдықтар айтарлықтай сұранысқа ие.

Осылайша, 2 050 жабдық пен 100 жедел жәрдем машинасы сатып алынды. Мұның барлығы Денсаулық сақтау министрлігінен алынған ақпаратқа және жергілікті атқарушы органдардың сұраныстарына сәйкес өңірлер арасында бөлінген.

Айта кетейік, наурыз айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі қор бөлген 450 млн теңге қаражат есебінен қорғаныс маскаларын сатып алып, тігуді жүзеге асырды.

Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің өзара қарым-қатынасы аясында компания қаражаты есебінен 100 жедел жәрдем машинасы, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 пульсоксиметр және вирусқа қарсы 3000 «Авифавир» препараты сатып алынды.

Ақпарат көзі: «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры

Хабар 24 телеарнасы