432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шекара арқылы аңшы патрондарын заңсыз алып өтуге жол берілмеді

  • 247
  • UPD: 14:42, 18.09.2020
Шекара арқылы аңшы патрондарын заңсыз алып өтуге жол берілмеді ҚР ҰҚК

17 қыркүйекте қазақстандық шекарашылар «Кеген» автомобиль өткізу пунктінде (Алматы облысы) қызметтік итті пайдалана отырып, шекара арқылы Қырғыз Республикасына 16-шы калибрлі тегіс ұңғылы қаруға арналған саны 139 дана аңшы патронын және 32 гильзаны алып өтуге жол бермеді. 

Тасымалдау мән-жайын анықтау үшін ұсталған оқ-дәрілер ішкі істер органдарына тапсырылды. 

Шекарашылар контрабандалық жүкті анықтау мақсатында толық тексеру іс-шараларын күшейтті.

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы