432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қан құю коронавирустың емі бола ала ма – министрлік жауабы

  • 373
  • UPD: 18:04, 18.09.2020
Қан құю коронавирустың емі бола ала ма – министрлік жауабы fishki.net

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қан құю коронавирус инфекциясы кезінде қаншалықты көмектесетініне қатысты пікір білдірді.

Бұл сауалға ол брифинг барысында жауап берді.

Тілшілердің бірі маманнан Грузияда вирусқа қарсы ем ретінде осы әдісті қолданғанын айтып, біздің дәрігерлер бұған қалай қарайтынын сұрады.

– Денсаулық сақтау саласының белгілі сарапшылары әзірге коронавирустан панацея жоқ деген пікірге келді. Бәлкім, грузиндердің тәсілі де дұрыс шығар. Оң нәтиже беретін әдістің қай-қайсысы да жақсы. Ең бастысы, зиян келтіріп алмау, – деді Қожахметов.

Хабар 24 телеарнасы