428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысының үш ауылында 200-ден астам құс қырылып қалған

  • 145
  • UPD: 15:13, 23.09.2020

Қостанай облысының үш ауылында құс тұмауы тіркелді. 200-ден астам құс қырылып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, Арқалық құс фабрикасында да тауықтардың өлімі-жітімі болған. Кешелі бері ол жақта арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Арқалық құс фабрикасындағы жағдай туралы ресми органдар әзірге жақ ашпай отыр. Бізге белгілі болғандай соңғы екі күнде фабрикада 300-ден астам құс қырылып қалған. Сынамалар Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді. Тауықтардың неден қырылғандығы соның қорытындысы бойынша белгілі болмақ. Бұған дейін фабрикада құстардың жаппай қырылуы бұрын-соңды болмаған. Сондықтан бұл шығынның кеселден келгенін мойындамасқа болмайды.

«Ал, Арқалық маңындағы ауыл-аймақтарда  құстардың өлім-жітімі байқалған жоқ», - дейді қала әкімі Қайрат Әбішев. Оның айтуынша, мамандар аумақтағы өзен-көлдердің айналасын да тексеріп шыққан. Бірақ өлген жабайы құс көзге шалынбаған. Арқалықтан басқа өңірде тағы 4 құс фабрикасы бар. Ветеринарлар «ол жақтағы жағдай қалыпты», деп отыр. Айта кетелік, құс тұмауы анықталған Маяк, Сокол және Красная Пресня ауылдарында карантин жарияланды. Қазір сол жерлерде және маңайындағы елді мекендерде зарарсыздандыру, вакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы