429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құс тұмауы: Ақмола облысына 510 мың вакцина мөлшері келіп түсті

  • 86
  • UPD: 11:42, 24.09.2020

Қазір мамандар ауру ошақтарын анықтап, екпе жұмыстарын жоспарлап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Ветеринария басқармасы берген соңғы мәліметке сәйкес, Ақмола облысында 504 құс қырылған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, құс тұмауы Жарқайың ауданындағы Шойындыкөл ауылында расталып, елді мекенде карантин жарияланды. Елордадан келген арнайы топ мамандары зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Ауру белгілері тағы да Атбасар, Бұланды, Астрахан, Егіндікөл, Зеренді, Целиноград аудандарын да байқалды. Қазіргі таңда өлген құстардан қан алынып, сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы ертең дайын болуы тиіс. Тұмауды одан әрі таратпау үшін кеше тұс ауа ауыл шаруашылығы министрлігінен 510 мың вакцина мөлшері келіп түсті. Екпе жұмыстарды ең алдымен індет дендеп тұрған Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарымен шекаралас аймақтарда және жабайы құстар мекендейтін өзен-көлдердің маңайында жүргізіледі. Және соңғысы, осы сенбі Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жәрмеңкеге Ақмола облысынан құс өнімдері апарылмайды.

Хабар 24 телеарнасы