428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда құс еті өтпей тұр

  • 169
  • UPD: 21:40, 25.09.2020

Сауда сөрелеріндегі өнімді алушылар қатары аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қаз бен үйрек етін базардан да таппайсың. Соңғы он күнде мұндай өнім түрі 30-40 процентке азайып кетті дейді базар әкімшілігі.

Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылында тұратын Руселбаевтар отбасы бес-алты жылдан бері құс өсірумен кәсіби тұрғыда айналысады. Өздері инкубаторда жұмыртқа бастырып, балапан шығарады. Сосын жаз бойы бағып-күтіп, күз ортасынан ауа етін өткізетін. Ал биыл оның бәрі құрдымға кетті. Кенеттен келген кеселден 1500 бас құсының барлығы дерлік қырылып қалды.   

Зухра Руселбаева, Красная пресня ауылының тұрғыны:

– Қиын боп тұр. Бағатын кісілері бар, компенсациямен шықпаймыз бәрібір.

Әдетте қала базарына келіп қаз, үйрек сататын ауылдықтарды қазір көрмейсің. Оларға бөлінген орын бос тұр. Базар ішіндегі құс етін сататын қатарда да тұтынушылар сирек. Тіпті жоқ десе болады.

Тамара Зайцева, сатушы:

– Бұрын мен күніне кемі бір жәшік тауық аяғын сататынмын. Қазір бір аяғын өткізу мұң болды. Мысалы, бүгін бір де біреуін сатқан жоқпын.

Сауда орындарына әкелінетін құс етінің көлемі де күрт төмендеп кеткен.

Мағрипа Исанова, базар әкімшісі:

– Құс етімен қамтамасыз ету 30 процентке кеміді. Бұл кезде базарда қаз, үйрек саудалаушылар көп болатын. Қазір жоқ.

Ал облыста құс тұмауынан қырылған қанаттылардың саны күн сайын көбейіп барады. Ресми мәлімет бойынша соңғы тәулікте өңірде тағы 51 мың 300-ден астам құс өлген. Сөйтіп жалпы шығын көлемі 163 мыңға жетті.

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы