427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында балаларды зорлау деректері 49% артқан

  • 162
Қызылорда облысында балаларды зорлау деректері 49% артқан

Қызылорда облысының Сырдария ауданында қыз балаға азғындық әрекет жасау дерегіне қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. Ал кәмелет жасқа толмаған қыз жергілікті оңалту орталығына жіберілді. Жыл басынан бері елде балаларды зорлау деректерінің саны 50 процентке артқан. Мамандардың айтуынша, мұндай жантүршігерлік статистика зорлық құрбандарының полицияға дер кезінде жүгінбеуінен көрінеді.

Аружан Саин, ҚР бала құқығын қорғау жөніндегі уәкілі:

– Ата-аналар өз балаларына бей-жай қарамай, әрдайым сөйлесіп отыруы тиіс. Олардан қал-жағдайын сұрап, бәрін айтып отыру қажеттілігін ескерткен жөн. Балалардың заңды құқықтарын да түсіндірген абзал. Қазір көріп отырғандай, зорлық-зомбылық құрбандары қорқып, арыздарын кеш беріп жатыр. Салдарынан тергеу сапасы нашарлайды.

Хабар 24 телеарнасы