428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 184 мыңнан астам құс қырылған

  • 103
  • UPD: 19:21, 26.09.2020

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы өршіп тұр. Бүгінгі күнге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған.

Оның 15 мыңға жуығы үй құсы болса, қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Қанаттылардың өлу жағдайы 40-қа тарта елді мекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр.

Аймақта құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiлді. Жедел штаб жұмыс істейді. Ошақ анықталған елді мекендерден 20-25 шақырым аумақтағы үй құстарына екпе салынып жатыр. Осы күнге дейін 144 мың 338 құс вакцинацияланды.

Хабар 24 телеарнасы