428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы тағы бір ауданда құс тұмауы анықталды

  • 163
  • UPD: 18:48, 28.09.2020

Бұл тіркеліп отырған осымен төртінші дерек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Ертіс ауданының Ағашорын ауылында карантин жарияланған. Құс өлекселерін өртейтін инсинератор жеткізілді.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Құс тұмауы бұл жолы Ертіс ауданының Ағашорын елді мекенінен шықты. Ауылда қазір ветеринариялық және эпизоотикалық жағдайға қарсы қызмет жұмыс істеп жатыр. Елді мекенді қоршай жер жыртылып, карантинтік бекет қойылған. Бұл ауылда құстардың жаппай қырылуы қыркүйектің 21-де тіркеле бастаған екен. Алғашында 8 үйдің ауласындағы 56 құстың өлгені белгілі болды. Ол 40 қаз, 1 үйрек және 15 тауық. Өлген құстардан алынған сараптамалық материал қыркүйектің 25-де республикалық орталыққа жіберіліп, құс тұмауының бары расталды. Жұқпалы кесел үй құстарына Ағашорын елді мекенінің ортасында тұрған су қоймасынан келді деген болжам бар. Өйткені көлге жабайы құстар оның ішінде үйрек, қаз, аққулар қонады. Бұған қоса көлдің жағасынан аққудың өлексесі табылған. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бүгінгі күнге дейін Ағашорын ауылында 118 құстың өлгенін жеткізді. Қанаттыларды тұмауға қарсы егу жұмыстары басталды. Ал құс өлекселері арнайы пеште өртеледі. Жақын күндері эпизоотикалық жағдайға қарсы жасақ 5 мыңнан аса құсты жояды деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы